ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТЕҢГЕРІМІНЕ ӨТІП КЕТКЕН ПЛАТИНАҒА ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛСЕ…

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімі мобильді топ мүшелерінің Сайрам ауданында өткен көшпелі қоғамдық қабылдауы барысында Құрлық ауылының тұрғыны Б.Құлжабаев бүгінгі таңда Шымкент қаласының теңгеріміне өтіп кеткен платинаға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы мәселе көтерген болатын. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Сайрам аудандық филиалы хабарлады.

Мәселенің мән-жайымен танысу мақсатында өтініш иесі Б.Құлжабаев, Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі Е.Дүйсебаев және «Ақсу» МКҚК-ның (су шаруашылығы) басшысы Ә.Қалмұратовтың қатысуында платинаның басында болып қайтты.

Өтініш иесіне алдағы уақытта қосымша берілетін мәліметтердің негізінде Шымкент қаласының әкімдігіне хат жолданатындығы туралы түсіндірілді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды