САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясы өтті. Оған аудандық филиалдың төрағасы Ахмет Жұмабеков, аумақтық филиалдың атқарушы хатшысы Ерлан Ахметов, аудандық мәслихат төрағасы Нұржан Шаулиев, мәслихат депутаттары, партия ардагерлері, БПҰ төрағалары және БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы хабарлады.

Күн тәртібінде Бір мандатты округтер бойынша Алпамыс батыр округіндегі әкім сайлауы бойынша кандидатты сайлау, Бір мандатты округтер бойынша Бірлік ауыл округіндегі әкім сайлауы бойынша кандидатты сайлау, «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының Саяси Кеңесі құрамын қайта сайлау туралы мәселелер қаралды.

Күн  тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша партия атынан ұсынылатын кандидаттардың әрбірі жекелей және ашық дауысқа салынды. Алпамыс батыр округіндегі әкім сайлауы бойынша кандидатты ең көп дауыспен Адилханов Ерлан партия атынан ұсынылса, Бірлік ауыл округінен Серікбаев Әбдужәмилдің кандидатурасы Келес аудандық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсынылды. Жиын соңында Саяси кеңес жаңа құрамы таныстырылып, Саяси кеңес бюросының құрамы жаңартылды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды