САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Жиын барысында ауданның дамуына қатысты өзекті бағыттар талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Әсіресе, партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды тұғырнамасының жүзеге асырылуы, білім беру саласындағы ілгерілеулер және Шанақ ауылдық округіндегі оң өзгерістер баяндалды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалы хабарлады.

Бюро мәжілісінде аудандық маслихат депутаты, фракция мүшесі С. Қыпшақбаевтың сайлауалды тұғырнамадағы жол картасының орындалуы жөніндегі баяндамасы тыңдалды. Ол жастар саясаты, ардагерлерге көмек көрсету және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау бағыттарындағы атқарылған іс-шараларды нақты мысалдармен келтірді. Сонымен қатар, «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұлттық мұра» және «ТазаLike» сынды партиялық бастамалардың өңіріміздегі әлеуметтік маңызы зор екендігін атап өтті.

Қазығұрт ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г. Абилхасованың есебі білім беру жүйесіндегі жаңалықтар мен жетістіктерді көрсетті. «Тірек мектептері» жобасы аясындағы материалдық-техникалық базаны нығайту, мектептерді жаңғырту және жазғы сауықтыру лагерьлерін ұйымдастыру – жас буынның сапалы білім алуына зор ықпал етеді. Бұл – еліміздің болашағына салынған құнды инвестиция.

Шанақ ауылдық округі әкімі Б. Жұманов ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, әлеуметтік, құрылыс, ауыз су, денсаулық және спорт салаларындағы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ауылдық округтің даму жоспарына сәйкес бірқатар жетістіктерге қол жеткізілгені атап өтілді.

Мәжіліс қорытындысымен тиісті қаулы қабылданып, нақты тапсырмалар берілді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды