Түркістан облысы, Созақ ауданы Шолаққорған ауылындағы спорт сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарына 2025 жылдың 12 маусым күні «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Сейдахметұлы мен Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев және комиссия мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Р.Отыншиева және комиссия мүшелері Н.Майусова, Т.Абуов пен Созақ аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Ә.Исаның және мердігер мекеменің учаскелік жетекшісі М.Нұрмахаммедтің қатысуымен мониторинг жүргізілді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.
- Бас мердігер: «CK NEW CITY» ЖШС
- Тапсырыс беруші: Созақ аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
- Мердігер жетекшісі: С.Б.Созақбаев
- Техникалық қадағалаушы: «Банур-1»ЖШС
- Бас жобалаушы: НПТЦ «САМИ» ЖШС
- Нысанның құрылыс құны: 1 924, 000 мың теңге
- Жалпы құрылыс ауданы: 3,0 га
- Құрылыс жүргізу мерзімі: 16 ай.
- Қаралған қаржы: 2025 жылға-336 миллион теңге.
Мониторинг жұмыстары барысында ішкі әрлеу жұмыстарының толық аяқталмағандығы, ішкі әжетхана, қол жуатын орындар және есік, терезе жақтаулары бітпеген. Төбедегі ішкі әрлеу жұмыстары бітпеген. Бассейн, күрес, бокс залдарының жұмыстары толық аяқталмаған. Залдардың едендеріне төселетін төсеніш қабаты толық аяқталмаған. Сыртқы құрылыс жұмыстарында кіре беріске аяқ жолдар (брюсчатка) төселген, асфальт жабындылары жабылған. Сыртқы спорт алаңының астыңғы төсеніш қабаттарына қиыршық тастар төселіп, нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Беткі қабатына төселетін құм мен жасанды жасыл жабынды қабаты әкелініп қойылған. Сыртқы спорт алаңының қасына екі беседканың темір металлдан қаңқалары тұрғызылып, төбесін жабуға дайындық үстінде. Құрылыс басында 30-ға жуық жұмысшы жұмыс атқарып отыр және арнайы техникалар жұмыс атқаруда. Атқарылған жұмыстарды саралай келе 2025 жылдың маусым айының соңында құрылыс нысанының тапсыру керек екенін ескерсек уақытында үлгере алмау қаупі бар екендігі айтылды. Қосымша еңбек күшін тартып, жұмысты қарқынды атқару керектігі жөнінде ұсыныс айтылды.