Бүгін «АМАNAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қарақұм ауылдық округі Қарақұм ауылындағы «Қарақұм» бастауыш партия ұйымында көшпелі қоғамдық өтті. Бұл туралы «АМАNAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалы хабарлады.
Қабылдауға «АМАNAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Әлиасқар Бердімұрат, аудандық мәслихат депутаты Әзіретоспан Сәдуоқасов, Қарақұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс басқарушысы Ербол Мыңжасаров, салық инспекторы Үсейін Әбдіразақ және салалық мамандар тұрғындардың арыз-өтініштерін қабылдады.
Алдын-ала әлеуметтік желілерге жарияланған хабарламаларға сәйкес, кездесуге Қарақұм ауылдық округінің тұрғындары абаттандыру, инфрақұрылым жүргізу және т.б. мәселелер бойынша өтініштерімен жүгінді.
Көтерілген мәселелер бойынша алдағы уақытта Қазақстан Республикасының заңы аясында тиісті жұмыстар атқарылатыны және басқа да қабылдау барысында көтерілген мәселелер назарда болатыны жеткізілді.