САЙЛАУҒА «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АТЫНАН КАНДИДАТТАР ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін, «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кезекті LІХ  конференциясы өтіп, жиынды филиал төрағасы Ержан Жүнісов жүргізді. Конференция мәжілісіне 18 бастауыш партия ұйымынан жиналған делегаттар қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Күн тәртібінде 2025 жылдың маусым айына белгіленген Түлкібас ауданы Арыс, Тастұмсық ауылдық округтері әкімдері сайлауына «AMANAT» партиясы атынан кандидаттар ұсыну мәселесі қаралды.

Жиынға қатысқан делегаттардың дауыс қорытындысымен 2025 жылдың 29 маусым күні өтетін Арыс ауылдық округтері  әкімдерінің сайлауына Наренбаев Болат Жумабековичтің, Тастұмсық ауылдық округтері  әкімдерінің сайлауына Омарбеков Медет Оналбековичтің кандидатураларын партия атынан аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тіркеу үшін ұсыну жөнінде тиісті қаулы қабылданып, ұсынуға жіберілді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды