Бүгін «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы бекіткен кестеге сәйкес, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы Қойбағаров тұрғындармен тікелей және ашық форматта кездесті. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызмет хабарлады.
Қабылдау офлайн және Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде өтті.
Іс-шараға партияның атқарушы хатшысы Оңғаров Шырынбек Сусынұлы модераторлық етті.
Қандай мәселелер көтерілді?
— Ауыл шаруашылығын дамыту;
— Жер жетіспеушілігі;
— Асыл тұқымды мал өсіру;
— Мал азығына қолжетімділік;
— Жастарды ауылға тарту;
— Жер қатынастарындағы даулар – бәрі де тұрғындарды алаңдатқан өзекті мәселелер.
Мәселен, Қасқасу ауылынан келген Мұрат Мамытбеков ауыл әкімдігімен келісе отырып бастаған шаруашылық мәселесін шешу үшін қолдау сұрады.
Ал Асылбек Омарханұлы жастарды ауылға келіп, нақты іспен айналысуға үндеді.
Партия депутаттары тиісті органдарға депутаттық сауал жолдап, ұсыныстар әзірлеп, мәселенің орындалуын қатаң бақылауға алатын болды.
AMANAT – халық үніне құлақ асатын, нақты іске көшетін партия!
Қоғамдық қабылдауға кез келген азамат қатыса алады.
Кесте партия филиалында және ресми парақшаларда жарияланады.
Сұрағы бар – жауап алады. Айтары бар – тыңдалады.