ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫНА, ҚҰЖАТТАРҒА СӘЙКЕСТІГІНЕ ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛДІ

Бүгін “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сарсенбаевтың жетекшілігімен Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бағдәулет Тұрманов және комиссия мүшелері Мәди Аманжол және Құлжабаев Бақытжан Айналма жол бойында орналасқан Қабанбай батыр ескерткішінің маңында жүргізіліп жатқан абаттандыру және көріктендіру жұмыстарының барысымен танысып, нысанға жоспарлы түрде мониторинг жүргізді. Бұл туралы “AMANAT” партиясының Түркістан қалалық филиалы хабарлады.

Іс-шара аясында комиссия мүшелері ескерткіштің айналасын абаттандыруға бағытталған құрылыс жұмыстарының сапасына, жобалық-сметалық құжаттарға сәйкестігіне және белгіленген мерзімде аяқталу барысына ерекше мән берді. Сонымен қатар, нысанның тарихи-мәдени маңыздылығын ескере отырып, оның болашақта қала тұрғындары мен қонақтары үшін рухани-танымдық орталыққа айналуы жайы да назардан тыс қалмады.

Аталған бақылау жұмысы — “AMANAT” партиясының халық алдындағы ашықтықты қамтамасыз ету, қоғам мүддесіне арналған жобалардың сапалы жүзеге асуын бақылау және уәде етілген жұмыстардың нақты орындалуына бақылау жасау мақсатында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды