ҚҰРЫЛЫСҚА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕКЕТІ ОРНАТЫЛҒАН

«AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасы Әлиасқар Бердімұрат, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, партиялық бақылау бекетінің жетекшісі аудандық мәслихат депутаты Ғалымжан Қалқаманов, аудандық құрылыс, сәулет және қара құрылысы бөлімінің бас маманы Шыңғыс Шымбай және жауапты қызметкерлер сайлауалды бағдарлама аясында Шұбарсу ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысының бүгінгі күнгі жағдайымен танысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалы хабарлады.

Нысанда қазіргі таңдағы құрылыс жұмыстары: Мердігер «Дос и К» ЖШС-мен 25.12.2023 жылы келісім шарт түзілген. Конкурстық құны – 2 723,4 млн.тг. 2024 жылға – 200,8 млн.тг.қаралған. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Қазіргі таңда нысанның қосымша корпусының құрылысы жүргізілуде.  Комиссия мүшелері құрылыс жұмысы толығымен партиялық бақылауда болатынын айтып, жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген құрылысқа партиялық бақылау бекеті орнатылған.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды