«ӘРБІР ПАРТИЯ МҮШЕСІ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУЫ ТИІС»

Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде айқындалып, белсенді қызметімен еліміздегі ең ықпалды саяси күшке айналған «AMANAT» партиясының өзегін республика бойынша 4 мыңға жуық бастауыш партия ұйымдары құрайды. Бастауыш ұйымдардың қоғамдағы рөлін арттыруда Парламент Мәжілісінің және партиямыздың Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың бастамасымен 2025 жыл – Бастауыш партия ұйымдарының жылы болып белгіленді.

«АМАNАТ» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының Атқарушы хатшысы ретінде мен аудандық партия филиалының бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен кездесу өткіздім.

Кездесуде барысында бастауыш партия ұйымының жұмысын заман талабына сай ұйымдастыру, белсенді, жаңашыл жастарды қолдау және партия қатарына тарту, әрбір партия мүшесін белсенділік танытуға шақыру мақсатында жұмыс ұйымдастыру керектігі айтылды. Бастауыш партия ұйымының төрағаларына партиялық жобаларды жүзеге асыру, мақсатында жоспарланған іс-шараларға аса жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде өткізуді, сонымен қатар аудандық партия филиалы мен бастауыш партия ұйымдарының алда тұрған міндеттері, яғни осы жыл бастауыш партия ұйымы жылы болып жариялануына байланысты, бастауыш партия ұйымының жұмыстарын жандандыруды қолға алу керектігі айтылды. Партия жанынан құрылған көптеген жобалар бар. Соның бірі «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» , «Ұлттық мұра» , «Кітап — Аманат»,  «Жер Аманаты» жобалары аясында іс-шаралар ұйымдастыру жұмыстарын қолға алуды, бастауыш партия ұйымына арналған кабинеттердің жабдықталуы құжаттарын реттеуді тапсырдым.

Қуанышбек ҚАНСЕЙІТОВ,

«АМАNАТ» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының Атқарушы хатшысы

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды