AMANAT партиясының съезінде: “Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызға ауқымды міндеттер қойды. Оны жүйелі жүзеге асыру – депутаттар мен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жоғары жауапкершілік. Біз атқарылған жұмыс туралы есеп беріп қана қоймай, нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз керек»- деген еді партия төрағасы Ерлан Жаханұлы Қошанов. Осыған орай, бүгін AMANAT партиясы Жетісай аудандық филиалында Жетісай қаласының ауыз су мәселесі бойынша билік, партия, халық қалаулылары, мекемелер мен тұрғындар өкілінің қатысуымен алқалы жиын өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Жетісай аудандық филиалы хабарлады.
Жиынға партия филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Касымов, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Нүркен Әлмеш, аудандық мәслихат депутаттары Әділхан Асауов, Эльмира Темирбаева, Жанторе Нурмухамедов, Жетісай Қаласының әкіму Нұрлыбек Бахтияров, Жетысай ТҮШК бөлімінің басшысы Берік Мамбетов, сектор меңгерушісі Дуйсехан Караев, “Жетысай Су”МКК инженері Жалғас Алиманов, мердігер мекеме өкілі Нурлан Ескулов, қала тұрғындарының өкілі ретінде Мусаев Нүркен қатысты.
Ауданымыздың қай саласында болсын бюджет қаржысына жүргізіліп жатқан құрылыстар мен жөндеу жұмыстары Республикамыздың көшбасшы партиясы “AMANAT” партиясының үнемі бақылауында.
Жетісай қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету тақырыбы үнемі күн тәртібінде болуына байланысты осыдан туындаған проблемалық мәселелері мен оның шешу жолдары талқыланды.
Нәтижесінде тиісті мекемелер тарапынан атқарылған жұмыстар тыңдалып, есептері алынды. Әр 10 күн сайын өтіп жатқан жиында мердігерге нақты хаттамалық тапсырмалар беріліп, 15 маусымдағы хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы мердігер мекеме өкілі Нұрлан Ескуловтың есебі тыңдалды.
«Мәселе тек есеп беруде ғана емес, нақты нәтижеде. Біз бәрін қатаң бақылауда ұстауға тиіспіз. Қажет болған жағдайда бюджеттік және басқарушылық шешімдерге жедел өзгерістер енгізуіміз керек», – деді аудандық партия филиалының төрағасы А.Қайназаров.
Жиын қорытындысы бойынша ТҮКШ бөліміне, “Жетісай Су” МКК-не, мердігер мекемеге қатысты нақты хаттамалық тапсырмалар берілді. Атап айтқанда: ауыз су нысандардың құрылыс жұмысын аяқтау барысын бақылауды күшейту; бюджеттен тыс қаражат көздері есебінен қаржыландырудың қосымша тетіктерін пысықтау; әр 10 күн сайын Партиялық бақылау комиссиясына атқарылған жұмыстар бойынша жаңартылған ақпарат ұсыну. Келесі жиын хаттамаға сәйкес шілде айының 15-ші жұлдызына белгіленді.