«AMANAT» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының қоғамдық тірегі ретінде айқындалып, белсенді қызметімен ең ықпалды саяси күшке айналған 14 бастауыш партия ұйымдары құрайды. Бастауыш ұйымдардың қоғамдағы рөлін арттыруда 2025 жыл – Бастауыш партия ұйымдарының жылы болып белгіленді.
«АМАNАТ» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының Атқарушы хатшысы мен, аудандық мәслихаттың төрағасы Имангелді Қансейітұлы Түймебаев, аудандық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі Елеусіз Алмас Байзақұлы және аудандық партия филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының төрағалары Айгүл Есенәліқызы Жүнісбекова, Марат Мелденұлы Ақжанбаев, Ербосын Дәуітбекұлдары Арыстановтың қатысуымен көшпелі кездесу өткіздік.
Кездесуде барысында бастауыш партия ұйымының жұмысын заман талабына сай ұйымдастыру, белсенді, жаңашыл жастарды қолдау және партия қатарына тарту, әрбір партия мүшесін белсенділік танытуға шақыру мақсатында жұмыс ұйымдастыру керектігі айтылды. Бастауыш партия ұйымының төрағаларына партиялық жобаларды жүзеге асыру, мақсатында жоспарланған іс-шараларға аса жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде өткізуді, сонымен қатар аудандық партия филиалы мен бастауыш партия ұйымдарының алда тұрған міндеттері, яғни осы жыл бастауыш партия ұйымы жылы болып жариялануына байланысты, бастауыш партия ұйымының жұмыстарын жандандыруды қолға алу керектігі айтылды. Партия жанынан құрылған көптеген жобалар бар. Соның бірі «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» , «Ұлтық мұра» ,»Кітап-Амант», » Жер Аманаты», » Ауыл Аманаты» жобалары аясында іс-шаралар ұйымдастыру жұмыстарын қолға алуды, Бастауыш партия ұйымдарына арналған кабинеттердің жабдықталуы құжаттарын реттеу тапсырылды.
Қуанышбек ҚАНСЕЙІТОВ,
«АМАNАТ» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының Атқарушы хатшысы