ПАРТИЯ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІНЕ ДӘНЕКЕР БОЛУДА

«AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалында Төлеби аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының орынбасары азаматтарды онлайн және офлайн қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Қабылдауға келген Ленгер қаласы тұрғындары бірқатар маңызды мәселелерді алға тартты. Атап айтқанда:

— Әлеуметтік көмек мәселесі;

— Гранттар бөлу мәселелері;

— Бір реттік көмек мәселелері қозғалды.

Тұрғымбеков Сәбит Елтайұлы барлық көтерілген мәселелерге заң талаптарына сай нақты жауап беріп, кейбір мәселелер бойынша тиісті орындарға жолданатынын айтты.

«AMANAT» партиясы – халық үніне құлақ асатын, мәселелердің шешіміне дәнекер болатын партия.

Қоғамдық қабылдаулар осындай ашық диалог алаңы ретінде халық пен билік арасын жақындатып келеді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды