ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫМЕН ТАНЫСТЫ

«AMANAT» партиясы қабылдаған жұмыс жоспары аясында Орталық аппараттың Ұйымдастыру және аумақтармен жұмыс департаментінің инспекторы, Түркістан облысы бойынша кураторы Дарханбаев Жәнібек Әбдікәрімұлы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-сапар барысында Партияның Түркістан облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты Дүйсенбиев Жангелді Құрманбекұлы болды.

Іссапар барысында алдымен, «AMANAT» партиясы Мақтаарал ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан, Бірлік ауылдық округі, Еркінабад елді мекеніндегі 200 орындық мектеп пен Жаңажол ауылдық округі, Нұрлы жол елді мекеніндегі Нұрлы жол атындағы 200 орындық мектептердің құрылыс барысымен танысты.

Аталған іс-шараға аудандық партия филиалының төрағасы М.Сарсенов, аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Ш.Бабаев пен Н.Байсейтов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Б.Анарбеков және мектеп директорлары қатысып өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар, аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы Қ.Сәрсекбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров және аудан ақсақалдарымен кездесу өткізді.

Сондай-ақ партия филиалының ғимаратымен танысып, құжаттарына көз жүгіртті.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды