ПАРТИЯ АТЫНАН КАНДИДАТТАР ҰСЫНУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін, «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кезекті LХ конференциясы өтіп, жиынды филиал төрағасы Ержан Жүнісов жүргізді. Конференция мәжілісіне 18 бастауыш партия ұйымынан жиналған делегаттар қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Түлкібас аудандық филиалы хабарлады.

Күн тәртібінде 2025 жылдың шілде айына белгіленген Түлкібас ауданы Келтемашат ауылдық округі әкімі сайлауына «AMANAT» партиясы атынан кандидаттар ұсыну мәселесі қаралды.

Жиынға қатысқан делегаттардың дауыс қорытындысымен 2025 жылдың 13 шілде күні өтетін Келтемашат ауылдық округі әкімінің сайлауына Бердалиев Мурат Канатовичтің кандидатурасын партия атынан аудандық аумақтық сайлау комиссиясына тіркеу үшін ұсыну жөнінде тиісті қаулы қабылданып, ұсынуға жіберілді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды