ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНА ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫ КЕСТЕГЕ САЙ ОРЫНДАЛУДА

Түркістан облысы, Созақ ауданы Шолаққорған ауылындағы Орталық кітапхана ғимаратының құрылыс жұмыстарына 2025 жылдың 12 маусымы күні «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Сейдахметұлы мен Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев және комиссия мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Р.Отыншиева және комиссия мүшелері Н.Майусова, Т.Абуов пен Созақ аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Ә.Исаның және мердігер мекеменің мастері Е.Махановтың қатысуымен мониторинг жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.

  • Бас мердігер: «SK Тенгри Холдинг» ЖШС
  • Бас жобалаушы: «ДиК Проект» ЖШС
  • Техникалық қадағалаушы: «Tekhnzor Prom Exspert KZ»ЖШС
  • Құрылыс нысанының құны: 958 133.0 мың теңге
  • Учаскенің ауданы: 1,0 га
  • Құрылыс көлемі: 12078,26 м/кв
  • Құрылыс алаңы: 894,7 м/к в
  • Қабаттар саны: 2 қабат
  • Құрылыс жүргізілу мерзімі: 9 ай
  • Құрылыстың басталу мерзімі: сәуір 2025 жыл

Мониторинг барысында құрылыс жұмыстары бойынша кітапхана ғимаратының астыңғы қабатының іргетасы құйылып, негізгі қабатқа іргетас жұмыстарын құйып, аяқтап, қалақ жұмыстарын жүргізуге дайындалуда. Құрылыс басында іргетас құюмен 14 жұмысшы айналысуда. Жұмысшылар арнайы киіммен қамтамасыз етілген және 6 арнайы техника жұмыс жасауда.

Құрылысшылардың келісімімен құрылыс мамандығы бойынша жоғары оқу орнындарында оқып жүрген студенттер келіп, құрылыс жұмысымен танысуда. Жұмыстың бақылау басшылығын байқау мақсатында бақылаушылар өндірістік жұмыс кестесімен техникалық қадағалау журналымен, авторлық қадағалау журналымен танысып жазылған сын-ескертпелерге көңіл аударды. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылуда. Белгіленген жұмыс кестесіне сай жүргізіліп отыр.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды