«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің жоспарына сәйкес, Сауран аудандық мәслихат депутаты Шарапов Хуршид Бахтиярұлы жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Сауран аудандық филиалы хабарлады.
Қоғамдық қабылдауға аудандық филиал төрағасы Асылбеков Сағынбек Жақсыбекұлы, ауыл тұрғындары қатысты. Қабылдауға қатысқан Қожабеков Әділбек ауылдық мәдениет ошағындағы материалдық-техникалық базаның әлсіздігін атап өтті. Атап айтқанда, музыкалық аспаптардың жетіспеушілігі және студияның қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілмегені жөнінде мәселелер көтерілді.
Қоғамдық қабылдауға келген Шорнақ ауыл тұрғыны Әскер Ерсайын Шорнақ ауылында ұялы байланыс сапасының төмен екендігін айтып, мәселе көтерді. Оның ішінде Tele2, Beeline және Activ операторларының желісі әлсіз, интернет мүлде ұстамайтынын жеткізді.
Азаматтың өтініші назарға алынып, тиісті байланыс операторларына ұсыныс жолданып, мәселені шешу бағытында шаралар қабылданатыны түсіндірілді.
Қабылдауға келген Жолдасова Дилара – мамандығы бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Ол тұрақты жұмысқа орналасу мәселесін көтеріп, осы бағытта қолдау көрсетуді сұрады.
Азаматшаның өтініші назарға алынып, мамандығына сәйкес жұмыс орындары қарастырылып, тиісті бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, білім беру саласындағы бос орындар жөнінде мәлімет беріліп, жауапты сала мамандарына жолданатын болды.
Қоғамдық қабылдау барысында көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті сала мамандарына ұсыныстар жолданатындығы хабарланды. Сонымен қатар, бұл мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатыны жеткізілді.