ОҚУ ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ

2025 жылдың 13 маусым күні «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бақытжан Қуанышбеков, филиалдың сектор меңгерушісі Тимур Қыдыралиев «AMANAT» партиясының Жол картасы аясында Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі, Қарағашты елді мекенінен салынып жатқан «Дауан» атындағы ЖББМ-не қосымша 150 орындық оқу ғимаратының құрылысымен зерделеу жұмыстарын жүргізіп, танысып қайтты. Бұл туралы AMANAT» партиясының Түлкібас аудандық филиалы хабарлады.

«Ar Kua Group» ЖШС прорабы Шампуров Константин құрылыс жұмысының барысымен таныстырды. Қазіргі таңда ғимараттың биікті 2,5 метрді құрайтын жертөлесінің айналысын бетондау, арматура тоқу жұмыстары жүргізілуде. Ол аяқталысымен монолит төсеу жұмыстары басталмақ. Нысан басында 18 жұмысшы бекітілген, кестеге сәйкес ғимарат құрылысы жүруде, құрылыс материалдары уақтылы жетуде. Одан бөлек, жаңа мектеп корпусына қажетті трансформатор орнатылған, әзірге электр желісі тартылмаған. Бой көтергелі жатқан ғимараттың 3 қабаттан тұрмақ, қазіргі таңдағы құрылыс жұмыстары 10%-ға аяқталған. Құрылысқа қажетті ауыр техника жұмылдырылған, құрылыс нысанының паспорты ілінген.

Құрылыс жұмыстары бұл нысанда ағымдағы жылдың наурыз айында басталған. Мердігер «АrKuaGroup» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Тех Сапа Алматы» ЖШС, авторлық қадағалау «ШЫМГОРПРОЕКТ» ЖШС.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды