«Балаңа уақыт арна» акциясы аясында бүгін Жігерген БПҰ төрағасы Жүнісов Таңсықбай Балтаұлы Диқан жалпы білім беретін мектебінің өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалы хабарлады.
Кездесудің басты мақсаты – балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін нығайту және алдын алу шараларын талқылау.
Таңсықбай Балтаұлы өз сөзінде жаз мезгілінде балалардың өміріне қауіп төндіретін жағдайлар, атап айтқанда, су айдындарындағы қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелерін сақтау және басқа да ықтимал қатерлер туралы жан-жақты түсіндірді.
Ол мектеп ұжымына оқушылар арасында тұрақты түрде қауіпсіздік сабақтарын өткізудің маңыздылығын, сондай-ақ ата-аналармен тығыз байланыста болып, балаларының бос уақытын қадағалау керектігін баса айтты.
Бұл кездесу «Amanat» партиясының бастамасымен қолға алынған «Балаңа уақыт арна» акциясының бір бөлігі болып табылады. Акцияның басты идеясы – әрбір баланың жазғы демалысының қауіпсіз әрі мазмұнды өтуін қамтамасыз етуде қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігін арттыру.
Балаларымыздың қауіпсіз демалуына бірге атсалысайық!