ҚОҒАМДЫ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУҒА, ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАТЫН КҮН

 Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. Балаларды қорғау күнінде қорғау шаралары ғана емес олардың көңіл-күйлерін көтеру концерттері де болады. Бұл мереке балалардың асыға күтетін мерекесі.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Бәйдібек ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шара аясында аудан бойынша 18 жасқа дейінгі ерекше қажеттілігі бар 354 балаға оқу-жазу құралдарымен толық жабдықталған мектеп сөмкелері сыйға берілді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Игілікті шара барысында «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалар аясында «AMANAT» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының Атқарушы хатшысы ретінде мен және «Жамбыл» БПҰ қарасты Жамбыл,Шыбыт ауылының балаларын мерекемен құттықтап, оларға мектеп сөмкелерін арнайы үй жайларына барып табыстадым. Балалардың жарқын болашағы үшін жасалып жатқан әрбір қолдаудың маңыздылығы, олардың білім алуы мен дамуына барынша жағдай жасау – басты міндеттердің бірі.

Аталған қайырымдылық бастама балалардың оқу процесіне бейімделуіне қолдау көрсетіп, әлеуметтік қамқорлықты арттыруды көздейді. Шараға Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен «үйдегі арнаулы әлеуметтік күтім» қызметін алушы балалар да қатысты.

Мерекелік іс-шара ерекше көңіл-күй сыйлап, балалар мен ата-аналардың алғысына бөленді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды