«AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалында Леңгір қаласы әкімінің орынбасары Байзақов Жанболат Әбубәкірұлы азаматтарды онлайн және офлайн форматта қабылдап, тұрғындардың өтініш-тілектеріне құлақ асты.⠀Бұл туралы «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызмет хабарлады.
Қоғамдық қабылдауда Леңгір қаласының тұрғындары өздерін толғандырған бірнеше маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда:
— аудандық деңгейдегі жүйелі мәселелер;
— жол инфрақұрылымы;
— абаттандыру және тазалық жайы;
— білім беру мен жастар саясаты.⠀
Барлық өтініштер заң талаптарына сай қарастырылып, кейбір мәселелер бойынша тиісті мекемелерге жолданатыны айтылды.⠀
Қоғамдық қабылдаулар – билік пен халық арасындағы ашық диалог алаңы.⠀
«AMANAT» партиясы – халықтың үніне құлақ асып, мәселелердің шешілуіне дәнекер болуды басты мақсат етеді.