ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ – АШЫҚ ӘРІ СЕНІМДІ БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛЫ

«AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, аудандық мәслихат депутаты Нұрдәулет Батырханұлы Ажибаев азаматтарды онлайн және офлайн форматта қабылдады.Бұл туралы «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызмет хабарлады.

Қабылдауға келген тұрғындар бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда:

▫️ аудандық деңгейдегі жүйелі проблемалар;

▫️ ауыл шаруашылығына қатысты жер мәселелері;

▫️ ауызсу инфрақұрылымы;

▫️ жол және аяқ жол құрылысы;

▫️ елді мекендердің бас жоспарына өзгерістер енгізу сынды нақты сұрақтар қойылды.⠀

Депутат әрбір көтерілген мәселені мұқият тыңдап, заң талаптарына сәйкес түсіндірме берді. Жеке сұрақтар бойынша тиісті мекемелерге жолданатыны айтылды.⠀

Қоғамдық қабылдаулар – бұл халық пен билік арасындағы ашық әрі сенімді байланыс құралы.⠀

«AMANAT» партиясы азаматтардың уәжіне бей-жай қарамай, нақты шешімдер мен жүйелі жұмыстардың орындалуына дәнекер болуды басты міндет санайды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды