НАҚТЫ ҰСЫНЫСТАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

“AMANAT” партиясының Төлеби аудандық филиалы Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Сарқырама елді мекенінде көшпелі Қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.

Іс-шара барысында тұрғындар өздерін толғандырған инфрақұрылым, білім, жастар және ауылдық даму мәселелерін ашық айтып, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Атап айтқанда:

▫️ Мәдени ауылының тұрғындары:

– балаларға арналған спорт кешенінің жоқтығы;

– балабақшадағы орын тапшылығы;

– жаңа жөнделген мектеп ғимаратының сапасына алаңдаушылық;

– тұрғын үй салуға қажетті су, жарық, жол сынды инфрақұрылымның жеткіліксіздігі туралы айтты.

▫️ Сарқырама ауылының тұрғындары:

– жастарға арнап үй салуға жер беріп, инфрақұрылым тарту;

– балаларға ойын алаңшаларын салу;

– жеке кәсіпкер салған, қазір жабық тұрған саябақты ашу;

– бос тұрған мал шаруашылығы кешенінің орнына құс фабрикасын ашу туралы ұсыныс білдірді.

▫️ Сонымен қатар, Қарамұрт елді мекені жанындағы Тастақ көшесінде тұратын қандастар:

– балаларын Сарқырама мектебіне апару үшін оқушы тасымалын ұйымдастыруды сұрады.

“AMANAT” партиясы көтерілген мәселелерді хаттамаға енгізіп, тиісті мемлекеттік мекемелерге жолдады. Барлық ұсыныс партия бақылауына алынып, орындалу барысы бойынша тұрғындарға кері байланыс қамтамасыз етіледі.

Бұл – партиямыздың басты ұстанымы:

“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидасын берік ұстана отырып, әрбір азаматтың үнін есту, ескеру және нақты іске айналдыру.

“AMANAT” – халықпен бірге.

“AMANAT” – нақты істер партиясы.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды