«AMANAT» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының мобильді көшпелі қабылдау тобы Ағыбет ауылдық округі, Ағыбет елді мекенінде болып, халықтың толғандырған сауалдарына жауап берді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Бәйдібек аудандық филиалы хабарлады.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қуанышбек Үсіпәліұлы Қансейітов, Бәйдібек аудандық мәслихат депутаты Е.Аманбаев, Бәйдібек аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бәйдібек су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас маманы А.Байғазиев, Бәйдібек аудандық ТҮКШ, АЖ және ЖК бөлімінің орынбасары Е.Бейсенбай, Аудандық жер қатынастар бөлімінің маманы Қ.Төлепов, Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Ш.Жандарбек, Аудан әкімі аппараты ақпараттық қауіпсіздік және құпия режимдік қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы Сейсенғали Арыстанбаев қатысты.
Алғабас елді мекенінде ұйымдастырылған мобильді қабылдауда өтініштердің басым бөлігі ауыз су мәселесі және электр бағаналарын ауыстыру, интернет желісінің өте төмен екендігі жайында болды.
Алғабас елді мекеніндегі электр бағаналары 2025 жылдың соңына дейін толығымен ауыстырылатынын айтты және ауыз су мәселесі жақын күндері қолданысқа берілетінін айтты.
Мобильді топ өкілдері тарапынан ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындығы жеткізіліп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.