«AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен Жуантөбе ауылдық округінде мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Қоғамдық қабылдаудың өтетін күні мен уақыты алдын-ала әлеуметтік желіде хабарланды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.
Қабылдау өткізу үшін «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Сейдахметұлы және аудандық мәслихат депутаттары А.Айтбаев, Е.Сағындық пен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының директоры А.Анарбаев, Созақ аудандық орталық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Ә.Әбдіқадыр, «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің Мансап орталығы Созақ аудандық филиалының маманы Н.Әбілқасымов барды. Қабылдауға келген Жуантөбе ауылының тұрғындары төмендегіше мәселелерді көтерді.
— Өзбекстан Республикасының азаматшасы болуына байланысты 1,5 жасқа дейінгі баласының ақшасын ала алмаған және қоғамдық жұмысқа орналасуға ықпал жасау;
— Жуантөбе ауылдық ауруханаға ішкі дәретхана жасау бойынша;
— ІІ- топ мүгедектігі бар әпкесіне қамқоршыны тағайындау бойынша;
— Ауыз су мәселесі бойынша;
— Мектеп қабырғасын аяқтаған жасөспірім қыркүйек айына дейін уақытша жұмысқа орналасуға ықпал жасау мәселелері айтылды.
Қабылдауға келген тұрғындарға ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысы мен ҚР Еңбек кодексі негізінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты А.Айтбаев қарт анаға отын (баялыш) алуға жұмыс күшін ұйымдастырып күз мезгілінде қыстық отын түсіруге жәрдем беретінін атап өтті.