МЕРЗІМ МЕН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРДЫ

Бүгін Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бағдәулет Тұрманов, төраға орынбасары Мәди Аманжол және комиссия мүшесі Құлжабаев Бақытжан Түркістан қаласында салынып жатқан көпфункционалды кешеннің құрылыс барысымен арнайы барып танысып, жан-жақты мониторинг жүргізді. Бұл туралы “AMANAT” партиясының Түркістан қалалық филиалы хабарлады.

Іс-шара барысында комиссия мүшелері құрылыс нысанындағы жұмыс процесін жіті бақылап, құрылыс сапасы, белгіленген мерзімдер мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударды. Олар жұмысшылармен пікір алмасып, туындаған сұрақтарды талқылады. Сонымен қатар, кешеннің халыққа қолайлы қызмет көрсетуі мен болашақта атқаратын әлеуметтік маңыздылығы да сөз болды.

Бұл мониторингтік жұмыс “AMANAT” партиясының ел игілігі жолындағы істерге белсенді араласуының және қоғамдық бақылауды күшейту арқылы ашықтық пен сапаны қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымының айқын көрінісі болды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды