МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы Созақ ауданы Созақ ауылындағы Созақ ауылдық округі әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстарына 2025 жылдың 28 мамыр күні «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев пен комиссия мүшесі Т.Абуов және Созақ ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Д.Үркінбаев пен Созақ ауылы округі әкімінің орынбасары Ж.Байкөбектің және мердігер мекеме өкілінің қатысуымен мониторинг жүргізілді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.

Бас мердігер: «Vek-Story-Com» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Тапсырыс беруші: Созақ аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Мердігер жетекшісі: К.Сыздықов. Техникалық қадағалаушы: «Улмад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бас жобалаушы: «ЖАСЫЛ АЛЕМ СЕРВИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Нысанның құрылыс құны: 263, 165, 567 теңге. Нысанға қаралған қаржы (2024 жылға) -150,0 млн. теңге. Қаралған қаржы: 2025 ж. — 113 млн тг. Құрылыс жүргізу мерзімі: 10 ай.

Құрылыстың басталуы: мамыр 2024 жыл. Құрылыстың аяқталуы: мамыр 2025 жыл.

Мониторинг барысында құрылыс жұмыстарының толығымен аяқталып, әкімшілік ғимараттың ішкі жиһаздары орналастырылып, тазалау жұмыстарының жүргізіліп жатқанын байқадық. Әкімшілік ғимараттың екінші қабатындағы мамандардың бөлмелері толығымен жабдықталып дайын екендігі, бірінші қабаттың жиһаздары орналастырылып, компьютерлері жалғану үстінде және коридорларында тазалау жұмыстары жүргізілуде. Ғимарат комиссияның қабылдауында екендігін көрдік. Қаралған қаржының 5 пайызы аударылмаған. Жергілікті бюджет есебінен 25 млн. қосымша қаралып, сыртқы қоршауы мен ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мердігерден мекемеге өндірістік кестеден кешіккені үшін айыппұл өндірілген.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды