МЕКТЕПТІ ТАМЫЗ АЙЫНЫҢ АЯҒЫНДА ҚОЛДАНЫСҚА БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

«AMANAT» партиясының Сауран аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссия мүшелері Аша елді мекенінде салынып жатқан 600 орындық «Жайлы мектеп» нысанына партиялық бақылау жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға Түркістан облыстық мәслихат депутаты Сүлейменов Баймахан Тоймаханұлы, аудандық партия филиалының төрағасы Асылбеков Сағынбек Жақсыбекұлы, аудандық мәслихат депутаттары, комиссия мүшелері Раматуллаев Арсылан Серікұлы, Боханов Сұлтанбай Серікбайұлы, Конкабаев Нұржол Данаханұлы және Шарапов Хуршид Бахтиярұлы қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Сауран аудандық филиалы хабарлады.

Бақылау барысында құрылыс жұмыстарының сапасы, жобалық талаптарға сәйкестігі және белгіленген мерзімде аяқталу барысы қаралды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, мектеп 2025 жылдың шілде айының аяғында қолданысқа берілуі жоспарлануда.

Партиялық бақылау комиссия мүшелері тарапынан жұмысты күшейту жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Партия өкілдері мердігер мекемеден нақты мәліметтер алып, мектептің уақытылы және сапалы тапсырылуы қажеттігін ескертті.

Партиялық бақылау — «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құралдардың бірі. Бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды