«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Асқар Еркинбеков, «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Әлиасқар Бердімұрат, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асан Құрымбек, Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Шыңғыс Шымбай және жауапты қызметкерлер сайлауалды бағдарлама аясында Бөржар ауылдық округі Ынтымақ ауылындағы 200 орындық мектептің құрылысының бүгінгі күнгі жағдайымен танысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы хабарлады.
Нысанда қазіргі таңдағы құрылыс жұмыстары:
Тапсырыс беруші: Түркістан облыстық құрылыс басқармасы. Мердігер «КДСМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2024 жылы келісім-шарт түзілген. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Қазіргі таңда нысанның қабырғасын қалау жұмыстары жүргізілуде. Комиссия мүшелері құрылыс жұмысы толығымен партиялық бақылауда болатынын айтып, жұмысты мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды.
Одан кейін Бадам ауылдық округі Ақбұлақ ауылындағы 300 орындық «Жайлы мектептің» құрылысының бүгінгі күнгі жағдайымен танысты.
Нысанда қазіргі таңдағы құрылыс жұмыстары:
«Тапсырыс беруші: SAMRUK KAZYNA CONSTRUCTION». Мердігер «AR KUA GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2023 жылы келісім-шарт түзілген. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Қазіргі таңда нысанның ішкі әрлеу, фасад, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Комиссия мүшелері құрылыс жұмысы толығымен партиялық бақылауда болатынын айтып, жұмысты мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды.
Партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген құрылысқа партиялық бақылау бекеті орнатылған.
Сондай-ақ комиссия мүшелері Шұбарсу ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысының бүгінгі күнгі жағдайымен танысты.
Нысанда қазіргі таңдағы құрылыс жұмыстары: Мердігер «Дос и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 25.12.2023 жылы келісім-шарт түзілген. Конкурстық құны – 2 723,4 миллион теңге. 2024 жылға – 200,8 млн.тг.қаралған. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Қазіргі таңда нысанның қосымша корпусының құрылысы жүргізілуде. Комиссия мүшелері құрылыс жұмысы толығымен партиялық бақылауда болатынын айтып, жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды.