«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Асқар Еркинбеков, «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Әлиасқар Бердімұрат, аудандық мәслихат депутаты Есенғали Бөлебай, Ордабасы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Шыңғыс Шымбай және жауапты қызметкерлер сайлауалды бағдарлама аясында Төрткүл ауылдық округі Елшібек батыр ауылындағы 200 орындық мектептің құрылысының бүгінгі күнгі жағдайымен танысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы хабарлады.
Нысанда қазіргі таңдағы құрылыс жұмыстары:
Тапсырыс беруші: Түркістан облыстық құрылыс басқармасы. Мердігер «КДСМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2024 жылы келісім шарт түзілген. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Қазіргі таңда ішкі әрлеу, кафель төсеу жұмыстары жүргізілуде. Комиссия мүшелері құрылыс жұмысы толығымен партиялық бақылауда болатынын айтып, жұмысты мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды.