Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, “AMANAT” партиясы Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Сейдахметұлы және денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала үздіктері марапатталды.
Мерекелік іс-шара барысында аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем әндер орындалды.