МАҚСАТЫМ – ХАЛЫҚПЕН АШЫҚ ӘРІ ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ

Мен, Серікбаев Әбдіжәміл Жақыпбайұлы, «AMANAT» партиясынан Бірлік ауылдық округі әкіміне үміткермін.

Сайлауалды үгіт насихат жұмыстары жалғасуда 21 маусым күні Бірлік ауылдық округінің Жаңатіршілік ауылының тұрғындарымен кездесу өткіздім.

Кездесу барысында сайлауалды бағдарламамды таныстырып, ауылымыздың болашағына бағытталған нақты жоспарларымды ортаға салдым.

Тұрғындардың ұсыныс пікірлерін тыңдап, назарға алып, алдағы уақытта осы сайлау мерзімінде ұсыныс жасалған жұмыстарды атқаратын боламын.

Тұрғындарды алдағы сайлауда белсенділік танытуға және туған ауылымыздың өркендеуі, дамуы жолында маған сенім білдіруге шақырдым.

Менің мақсатым – ауылдың инфрақұрылымын дамыту, халықпен ашық әрі тұрақты байланыс орнату.

Ауылымыздың әл-ауқатын арттыру, жастарға мүмкіндік беру.

Бірлесе жұмыс атқарсақ – ауыл өркендейді, көркейеді. Сіздердің сенімдеріңіз – мен үшін ең үлкен жауапкершілік, әрі аманат.

Баршаңызды алдағы сайлауда белсенділік танытуға және ауылымыздың игілігі үшін маған сенім білдіруге шақырамын.

AMANAT – ел аманаты! Халық сенімі – ең үлкен жауапкершілік және мен үшін аманат! Бірлікпен, ынтымақпен жұмыс атқарсақ, ауыл көркейеді, өркендейді, дамиды!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды