МАҚСАТ – ҚОҒАМДА, ОТБАСЫНДА ӘКЕЛЕР РӨЛІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫН КӨТЕРУ

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында Қазақстан Республикасында 15 маусым «Әкелер күніне» орай, 13 маусым күні Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-де осы мекеменің мамандарының ұйымдастыруымен «Әке — асқар тау» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы хабарлады.

Іс-шараға Ардагерлер кеңесі Есимханов Сапарбек, Келес аудандық Төбе биі Ермеков Рахым, Абай ауыл биі Райымкулов Нуржан, Біртілек ауылының аналар кеңесінің төрайымы Эгеубаева Нургуль, «Қоғамдық келісім»КММ -нің Келес аудандық филиалының маманы Жаңбыр Арман, Келес АПБ-нің ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны Айбеков Жандос, Келес АПБ-нің ОТЗЗҚҚТ аға инспекторы полиция капитаны Құрбанбеков Нұрсұлтан қатысты.

Дөңгелек үстел өткізудегі мақсат – қоғамда, отбасында әкелер рөлінің құндылығын көтеру, нығайту, отбасындағы тәлім-тәрбиемен білім ордаларындағы тәлім-тәрбиені ұштастыра отырып еліміздің болашағын құрайтын саналы, қажырлы ұрпақты тәрбиелеу, үлгілі отбасылардың санын арттыру.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды