Партиямыздың негізгі мақсаттарының бірі – халық мүддесін қорғап, үнемі жанынан табылып, халықтың өтінішіне құлақ асу және көтерілген өтініштердің заң аясында шешімін табуына септесу болса, партия жанынан құрылған қоғамдық қабылдау бөлмесі бұл тұрғыда үлкен рөл атқарады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Бәйдібек аудандық филиалы хабарлады.
Осы ретте, Бәйдібек аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық мәслихат депутатының кезекті жеке қоғамдық қабылдауы өтті.
Қабылдауға келген азаматтар халық қалаулысына өзекті мәселерді және жеке өтініштерін айтты.
Қабылдау барысында көтерілген өтініштерге аудандық мәслихат депутаты Алмас Төлегенұлы заң аясында жауап берді.