Кентау қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров Алтынсарин көшесіндегі №3, 5 және 7 үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге қала әкімі Жандос Тасов пен барлық бөлімдердің өкілдері қатысты. Бұл туралы «АMANAT» партиясы Кентау филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында тұрғындар бірнеше маңызды мәселелерді көтерді:
▪️ ТЭЦ-5 тарапынан опрессовка жұмыстарының қымбаттауы,
▪️ Балалар ойын алаңының қажеттілігі,
▪️ №3 және №5 үйлердің фасадын жөндеу,
▪️ Аулалардағы автотұрақ орындарының жетіспеушілігі.
Жиын қорытындысы бойынша, биылғы жылы аулаға мини-футбол алаңы, заманауи балалар ойын алаңы және жастарға арналған street workout алаңы орнатылатыны хабарланды. Сонымен қатар, үйлердің фасадын жөндеу және автотұрақ мәселелері де қаралатын болады.
Депутат тұрғындарға белсенділік танытқаны үшін алғыс айтып, мұндай кездесулер жергілікті мәселелерді уақытылы шешуге ықпал ететінін атап өтті.