Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Ағабеков Жаңабай, партияның Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Ахметов, филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бахтияр Таженов, аудандық мәслихат төрағасы Шаулиев Нұржан Бүрлібайұлы және аудандық мәслихат депутаты аудандағы бірқатар нысандарға партиялық бақылау жүргізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы хабарлады.
Алдымен аудан орталығы Абай ауылындағы 600 орындық «Жайлы мектептің» құрылысымен танысты. Мердігер «КДСМ» ЖШС-інің учаске бастығы, әрі жоба жетекшісі С.Аширбаевтың мәлімдеуінше қазіргі таңға жалпы құрылысқа қажетті құрылыс материалдардың бар екенін, жұмысшыларды тарту бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатқанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Жаңабай Ағабеков Абай ауылындағы орталық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Нысанды бақылау барысында Жаңабай Ағабеков жөндеу жұмыстары барысындағы бірқатар кемшіліктерді айтып, сондай ақ, ішкі әрлеу жұмыстарындағы кемшіліктер мен бөлмелердегі жаңадан қойылып жатқан есік-терезелердің медицина талабына сай келмейтінін, арнайы материалдан жасалған есік-терезелер қою қажеттігін ескертті.
Өз кезегінде аурухана бас дәрігері міндетін уақытша атқарушы мердігер компанияның жұмысына көңілі толмай сотқа бергенін, сот шешіміне қарап құрылыс жұмыстарын сапалы бітіруге ықпал жасайтынын жеткізді.