МӘСЕЛЕЛЕР ЖЕКЕ-ЖЕКЕ ЗЕРДЕЛЕНІП, ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мұздыбеков Руслан Орынбекұлы, аудандық мәслихатының депутаттары Алимжанов Бекжан Байғалиұлы, Раймкулов Ганишер Қайнарұлы, Тажиев Камалладдин Абдирашидұлы, Юсупов Абдирасул Мадикаримұлы аудан тұрғындарын көкейкесті сауалдарымен, түйткілді мәселелерін тыңдау мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Сайрам аудандық филиалы хабарлады.

Қоғамдық қабылдауға «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздықов Қуаныш Адырбекұлы және Партиялық бақылау комиссиясын0ың төрағасы Исаков Акмалжан Абдихаликұлы, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Ибадуллаев Серік Изетуллаұлы арнайы қатысты.

Қабылдауға келген Әйтеке би елді-мекенінің тұрғындары көптен бері шешімін таппаған көше атауларын беру, қаңғыбас иттерді ату, сонымен қатар негізгі инфрақұрылым мәселелері бойынша наразылықтарын білдірді.

Тұрғындардың мәселелері партия тарапынан жеке-жеке зерделеніп, тиісті сауалдар жолданып, шешілуіне дейін тұрақты бақылауға алынды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды