МӘСЕЛЕЛЕР ТАМЫЗ АЙЫНА ДЕЙІН ШЕШІМІН ТАБУЫ ТИІС

Кентау қалалық мәслихатының депутаты Арман Басаров Абай даңғылы №19, 23 және Әл-Фараби көшесі №61, 63, 63А, 65А/1, 65А/2, 65А/3, 69 мекен-жайларындағы үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге қала әкімі Жандос Тасов, коммуналдық және жол бөлімдерінің басшылары қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Кентау қалалық филиалы хабарлады.

Кездесу барысында қала тұрғындарымен тілдескен Кентау қаласының әкімі Ж.Тасов және Кентау қалалық мәслихат депутаты қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, назарға алынатынын жеткізді.

Кездесу барысында тұрғындар бірнеше маңызды мәселелерді көтерді:

1.Көп қабатты тұрғын үйлердің ауласындағы автотұрақтарды кеңейту,

2.Балалар ойын алаңшасының жөндеу жұмыстары,

3.Түнгі жарық шамдарын көбейту,

4.Күл-қоқыс орнын қоршау.

Кентау қалалық мәслихат депутаты Арман Басаров тұрғындардың барлық өтініштері назарға алынатынын айтып, қала әкімдігі тарапынан жауапты бөлім басшылары мен мердігер мекемеге тапсырмалар жүктелетінін жеткізді. Сонымен қатар, балалар ойын алаңшасын жөндеу және автотұрақ мәселелері ағымдағы жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Депутат тұрғындарға белсенділік танытқаны үшін алғыс айтып, мұндай кездесулер жергілікті мәселелерді уақытылы шешуге ықпал ететінін атап өтті.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды