Ауыл халқын толғандырған мәселелер партияның ықпалымен оң шешіліп келеді. Осы тұста сөзіміздің дәйегі ретінде айта кетейік Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылы, Қызылдихан елді мекенінің тұрғындары 2024 жылы халық қалаулысы, аудандық мәслихат депутаты Жавлон Сабитовтың қабылдауына келіп, аталған елді мекенге қарасты Ынтымақ, Бірлік, Ырыс, А.Хашимбек, Нұр, Береке, Ақбұлақ, Көктөбе көшелерін асфальттау мәселесін көтерген болатын. Нәтижесінде аталған көшелерді асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «Amanat» партиясының Түркістан облыстық филиалы хабарлады.
Өздеріңізге белгілі, қай ауылда болсын, ең бірінші кезектегі мәселелердің бірі — сапалы жол. Жол мәселесі – жұрт мәселесі. Себебі ауыл мен қаланы, шаһар мен даланы, елмен елді, жер мен жерді жалғап жатқан жолдың сапасы күн тәртібінен түсетін тақырып емес. Алысты жақын, жақынды алыс қылу күре жолдың күтімі мен жағдайына байланысты екендігін рас.
Айта кетейік, жалпы ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын жол жөндеу жұмыстары 2024–2025 жылдарға жоспарланған. Жөндеу жұмыстарын “ДезФумэкс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырып жатыр, ал техникалық қадағалаушы мекеме — “Амаль” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.