МҰНДАЙ СЕНБІЛІКТЕР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУҒА ДА СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ

Маусымның 19-ы күні Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов елдімекеніндегі Күншуақ м/а бүгін жалпыаудандық «Таза Бейсенбі» сенбілік акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы, «Түлкібас көрікті ел» мекемесі ұжымы мен Майлыкент ауылдық округі әкімдігіне қарасты мекеме қызметкерлері белсене қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Түлкібас аудандық филиалы хабарлады.

Сенбілік барысында «Күншуақ» мөлтек ауданына қарасты көшелер мен көпқабатты тұрғын үй аулалары, балаларға арналған ойын алаңшалары қоқыстан тазартылып, арық-атыздар ретке келтірілді. Сонымен қатар, ағаш бұтақтары кесіліп, жасыл желектерге күтім жасалды. Бұл шара ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Филиал тарапынан сенбілікке қажетті құрал-жабдықтар мен техникалар қамтамасыз етілді. Іс-шара барысында 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, ауыл аумағы абаттандырылды.

Мұндай сенбіліктер ауылдың тазалығы мен көркеюіне ғана емес, тұрғындардың бірлігін нығайтуға да септігін тигізеді. Барша аудан тұрғындарын тазалыққа шақырып, жанашырлық танытуға шақырамыз!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды