МҮГЕДЕККЕ ШЫҒУ, ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖҮГІНДІ

«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің бекіткен кестесіне сәйкес, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Әлімбаев Дәурен Еркінұлы аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда болған аудан тұрғындары мүгедектерге арналған көлік, мүгедекке шығу және зейнеткерлік жасы мәселелері бойынша жүгінді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы хабарлады.

Мүгедектерге арналған көлік мәселесін көтерген тұрғынға Дәурен Еркінұлы бұл мәселе бойынша тиісті мекеме арқылы анықтамалық жұмыс жүргізетінін, алдағы уақытта депутаттық сауал жолдап, жазбаша түрінде жауап беретінін түсіндірді. Ал, мүгедекке шығу және зейнет жасын төмендету мәселелерімен жүгінген тұрғындарға фракция мүшесі мәселесі бойынша мүгедекке шығу мәселе бойынша ауданды тиісті бөлімдер арқылы шешуге ықпал жасайтынын, зейнет жасы бойынша әріптестерімен бірге тиісті заң шығаратын орындарға ұсыныс беретінін түсіндірді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды