МӘДЕНИЕТ ҮЙІ, МЕШІТ, МҮГЕДЕКТІК ТОПТАР ЖАЙЛЫ СҰРАҚТАРЫН ҚОЙДЫ

Бүгін аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде атқарушы хатшы Қыстаубаев Құдрет Ибадуллаұлы, аудан әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбілдәұлы, аудандық маслихаттың депутаты,  орталық аурухананың бас дәрігері Мирзалиев Бақыт Иябайұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Хамзаева Зауре Шәмілқызы, құрылыс бөлімінің басшысы Қосмұратов Ерғали Смадиярұлы  аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.

Қабылдауға келген тұрғындар мәдениет үйінің салынуын, мешітке бөлінген жер мәселесін, мешіт атауы, мүгедектік топтар жайлы сұрақтарын қойды.

Жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша бүгінгі қабылдауға келген мемлекеттік орган басшылары нақты және толық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мүгедектік топтан топқа ауысу бойынша аурухана басшысы қайта қарап, ҚР заңдары аясында қарайтындығын айтты.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды