ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ӨТЕ ӨЗЕКТІ

Бүгін Төлеби аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиынға мәслихат төрағасы Нұрлан Хамзаұлы Қойбағаров, аудандық филиалдың атқарушы хатшысы ретінде өзім – Шырынбек Оңғаров, сондай-ақ фракция жетекшісі Ерболат Кошербайулы Жабаев пен фракция мүшелері мен “Ауыл” партиясынан сайланған депутаттар қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.

Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды:

– Сайлауалды жол картасының орындалу барысы;

– Бастауыш партия ұйымдарының белсенділігі;

– Депутаттық этика мен әлеуметтік желідегі жұмыстың тиімділігі;

– Депутаттық сауалдардың пәрменділігі мен өзекті әлеуметтік проблемалар.

Отырыста көтерілген мәселелер нақты. Мысалы:

Кейбір елді мекендер таза ауыз суға толық қол жеткізе алмай отыр;

Электр тапшылығы кәсіпкерлік нысандарды іске қосуға кедергі келтіруде;

Зертас ауыл округіндегі спорт кешені қаржының жоқтығынан тоқтап тұр;

Жер телімі мен тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны артуда;

Әлеуметтік тұрғын үйдің жетіспеушілігі өте өзекті.

Бұл мәселелерді тек тізіп қою – жеткіліксіз. Сол себепті фракция тарапынан нақты ұсыныстар әзірленіп, құзырлы органдарға жолдау туралы шешім қабылданды.

Фракция жетекшісі Ербол Жабаев депутаттарды халықпен тығыз байланыста болуға, әлеуметтік желілер арқылы кері байланысты жандандыруға шақырды.

Біз – ел үмітін арқалаған халық қалаулыларымыз. Қарапайым тұрғынның мұңын тыңдап, оны жүйелі түрде көтеру – фракция жұмысының басты міндеті.

«AMANAT» – халық пен билік арасындағы сенімді көпір. Ал сол көпірдің тірегі – нақты іс, шынайы жауапкершілік.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды