Бабайқорған ауылдық округінде Сауран аудандық мәслихат төрағасы Байсбаев Сержан Ермекбайұлы халықпен кездесуі өткізді. Жиын барысында округте атқарылған жұмыстар сараланып, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер талқыланды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков, Бабайқорған ауылдық округінің әкімі Ж.Мынтаев, сондай-ақ аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары мен мамандары: Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ш.Аманбаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ш.Оспанов, жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Патсаев, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы А.Жәнібек, «Мансап орталығы» КММ маманы О.Бақтыбай, аудандық әкімдіктің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Қ.Оңғаров, ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Е.Досжан, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Қанағат және ауыл тұрғындары қатысты.
Сержан Ермекбайұлы бірінші кезекте аудан бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар және жүзеге асып жатқан маңызды жобалар туралы кеңінен ақпарат берді.
Келесі кезекте Бабайқорған ауылдық округінің депутаты ретінде Бабайқорған ауылдық округінде бүгінгі күнге дейінгі атқарған жұмыстарын баяндап, өткізген іс-шаралар, сонымен қатар 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жұмыстардың жоспарын да баяндады.
Бабайқорған ауылында ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Бабайқорған ауылының тұрғыны Д.Анарбаев бірінші болып, Бабайқорған ауылдық округіне арналған жайылымдық жер учаскесін арттыруды сұрады.
Жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Патсаев мәселемен танысып, игерілмей тұрған жер учаскелерінің барлығын қайтаруға мүмкіндік бар екендігін және аталған мәселемен ауылдық округ әкімімен бірге толық айналысатындығын айтты. Сонымен қатар, А.Патсаев тұрғын үйлерді құжаттандыруға мүмкіндік ашылғанын айтып, жақын арада мәселені шешуге бағытталған іс-шаралар жүретіндігін жеткізді.
Келесі болып, мәселесін жеткізген Бабайқорған ауылының тұрғыны Д.Латипов болды. Айтуынша бау-бақша суаратын ағын су соңғы уақытта мүлде келмей қалғанын айтты.
Ауыл әкімі Ж.Мынтаев мәселемен таныс екенін, ағын судың бұлағы ауыл мазаратынан өткендіктен белгілі себептермен қиындықтар туындағанын айтты. Сондықтан алдағы уақытта су мәселесін жергілікті қауымдастықпен бірлесе отыра шешімін табатындығын жеткізді.
Келесі болып, Көксарай ауылының тұрғыны Н.Асқаров өтінішін жеткізді. Көксарай ауылына асфальт жол төсеп беруді сұраған азамат автокөлікпен жүру біршама қиындықтарға алып келіп отырғанын айтты.
Ш.Оспанов мәселені тыңдап, Көксарай ауылына асфальт төсеу алдағы жылдарға жоспарланғандығын айтты. Бірақ қазіргі таңда тас жолды «грейдер» арнайы техникасымен жолды тегістеуге толық мүмкіндік бар екенін айтты.
Үлгілі елді мекенінің тұрғыны Е.Рысбеков Үлгілі елді мекеніне кітапхана, мәдениет үйінің ғимараттарын салуды сұрады.
Аталған мәселені қабылдап, алдағы уақытта ұсыныспен жұмыс жасайтындығын жеткізді.
Бабайқорған ауылының тұрғыны, спорт кешенінің жаттықтырушысы Б.Бердібаев спорт кешенінде жарықтың жиі өшетіндігін және су тапшылығы орын алған жағдайлар бар екендігін айтты.
Аталған мәселеге құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Қ.Оңғаров толық жауап беріп өтті.
А.Нышантай, ауылдың тұрғыны тұрғын үйінің астынан су шыққандығын айтты. Сонымен қатар, аталған мәселені бірнеше рет көтергенін айтып, мұңын жеткізді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Қанағат, мәселемен толық таныс екендігін, сонымен қатар, суды тоқтату бойынша жұмыстар атқарылып жатқандығын айтты. Бригада жолдап суды тоқтату бойынша шаралар қабылдайтындығын айтты.
Ауыл тұрғыны С.Балтабаева тұрып, Қисықшоқпарда көше жарығы жанбай тұрғанын, сапасыз салынған тротуардың және мәдениет үйі ғимаратының құрылыс барысын көтеріп сұрақтар қойды.
Аталған мәселеге толыққанды жауап беріп, алдағы уақытта барлық мәселе оң шешімін табатындығын айтты.
Ауыл тұрғыны, жергілікті қауымдастықтың мүшесі Б.Нәлібай келесі мәселені көтерді. Абай елді мекенінде салынып жатқан 300 орындық мектептің сапасын жіті бақылауды сұрады.
Мектептің құрылысы назарда екенін айтып, қазіргі таңда ЖСҚ-ға сәйкес салынып жатқанын айтты.
Абай елді мекенінің тұрғыны Т.Оспанов тұрып, «Бабайқорған – Абай» жолында ауыр техникалар жүру себебінен зақымдануына алаңдату келтірді.
Ауыл тұрғыны С.Исламов, ауылдағы мобильді байланыс жүйесіне шағымын жеткізді.
Желі сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырып өттім.
Ауыл тұрғыны, ақ жаулықты ана Р.Орманова тұрып, салынатын балалар ойын алаңшасын тастақтан әрі салуды сұрады.
Барлық өтініштер қабылданып, алдағы уақытта осы бағыт бойынша жұмыс жасайтындығын жеткізді.