Түркістан облысы, Созақ ауданы Созақ ауылындағы Созақ ауылдық округі әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстарына 2025 жылдың 11 маусым күні «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев және комиссия мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Ж.Әлібеков пен «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» маманы Қ.Асқаров және Созақ ауылы округі әкімі Б.Аяповтың және мердігер мекеменің учаскелік жетекшісінің қатысуымен мониторинг жүргізілді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.
- Бас мердігер: «Vek-Story-Com» ЖШС
- Тапсырыс беруші: Созақ аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
- Мердігер жетекшісі: К.Сыздықов
- Техникалық қадағалаушы: «Улмад» ЖШС
- Бас жобалаушы: «ЖАСЫЛ АЛЕМ СЕРВИС» ЖШС
- Нысанның құрылыс құны: 263, 165, 567 теңге
- Нысанға қаралған қаржы (2024 жылға) -150,0 млн.теңге
- Қаралған қаржы: 2025 ж- 113 млн тг
- Құрылыс жүргізу мерзімі: 12 ай.
- Құрылыстың басталуы: Мамыр 2024 жыл
- Құрылыстың аяқталуы: Мамыр 2025 жыл
Мониторинг барысында құрылыс жұмыстарының әкімшілік ғимараты толығымен бітіп, ішкі жабдықтары орналастырылып жұмыс жүргізуге дайын екендігін көрдік. Қосымша қаржы есебінен сыртқы қоршау мен көгалдандыру және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп отыр. Бүгінгі таңда көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп, қоршау толығымен біткен. Ғимарат алдындағы асфальт төсеу жұмыстарына дайындық жүргізіліп, нығыздау,тегістеу жұмыстары атқарылып жатыр. Белгіленген өндірістік кестеге сай 17 маусымға аяқтау мерзімі көрсетілсе, осы мерзімде толық аяқтауға мүмкіндік бар екенін көрсетті. Сыртқы абаттандыру жұмыстарымен арнайы бригада 10 жұмысшы, 2 арнайы техника жұмыс жүргізіп отыр.