Бүгін «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.⠀
Қабылдау аудандық мәслихат депутаты Болат Мұратұлы Үмітбаевтың қатысуымен және партия филиалының атқарушы хатшысы Оңғаров Шырынбек Сусынұлының модераторлығымен тікелей эфирде өтті. Бұл – ашықтық пен қолжетімділіктің нақты көрінісі. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.⠀
Қоғамдық қабылдауға қатысқан аудан тұрғындары бірнеше өзекті мәселені көтерді:
🔹 аудан көлеміндегі жүйелі әлеуметтік және инфрақұрылымдық түйткілдер;
🔹 жас кәсіпкерлерді қолдау;
🔹 жол және жаяу жүргінші жолдарының сапасы;
🔹 күнкөріс пен тұрмысқа қатысты экономикалық сұрақтар.⠀
Тұрғындар көтерген барлық мәселелер заң талаптарына сай қаралып, жекелеген өтініштер тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болды.⠀
Қоғамдық қабылдаулар – бұл билік пен халық арасындағы ашық әрі өзара сенімге негізделген диалог алаңы.⠀
«AMANAT» партиясы әр азаматтың үнін естіп қана қоймай, нақты шешімдер шығаруға дәнекер болуды басты міндет деп санайды.⠀
✅ Бұл жолғы қабылдау да – халық пен билік арасындағы сенімді нығайта түскен тағы бір сәтті қадам болды.