КӨПТЕГЕН ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ҮШІН ҚАЗАҚ ЖЕРІ ҚҰТТЫ МЕКЕНГЕ АЙНАЛДЫ

Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 миллионнан астам адам жіберілді.

Ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды.

Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық.

Ауданымызда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай шара ұйымдастырылды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған шараға «AMANAT» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының Атқарушы хатшысы мен, ардагерлер кеңесі, әжелер алқасы бастаған аудан әкімінің аппараты мен мәслихатының аппараты және бөлім басшылары 1932-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, құран бағышталды.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қырғызалиев Бақыт Тұрсынәліұлы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген шарада тарихи оқиғаны толғап өтті.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды