2025 жылдың 25 маусым күні «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасы Б.Тұрғанбаев және «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Т.Сейдахметұлы мен комиссия мүшелері С.Шардарбеков, Г.Әлімбекова, Г.Есмұратова, Р.Отыншиева, Н.Майусова, Ж.Әлібеков, Т.Абуовтар қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.
Жиынды комиссия төрағасы Берік Мыңжанұлы жүргізіп отырды. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды:
- Созақ ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің атқарған жұмыстарының есебін тыңдау және «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атқарылып жатырған жұмыстарды талқылау;
- «Шолаққорған-Су» МКК-ның атқарған жұмыстарының есебін тыңдау және алдағы жоспарларымен танысу;
- «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссия мүшелігінде бос тұрған орынға комиссия мүшесін ұсыну.
Күн тәртібіндегі Созақ ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің атқарған жұмыстарының есебін тыңдау және «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атқарылып жатырған жұмыстар бойынша бөлімінің орынбасары Оразбеков Ермек Аманжолұлы хабарлама жасады. Комиссия тарапынан аудан орталығына жем-шөптің тұрақты бағамен жеткізілуі, төтенше жағдайдың жариялануы, «Ауыл аманаты» бойынша несие алушыларға мониторинг жүргізуді ұйымдастыру және биылғы жылға бөлінетін қаржы мәселесі, бетпақ далада ұңғыма құдықтар қазу жұмыстары, «Агросауат» кабинеті бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Шолаққорған-су» МКК-нің орынбасары Мырзалиев Қадыр мекеменің атқарған жұмыстары бойынша хабарлама жасап, комиссия мүшелері тарапынан Таукент кенті мен Жыныс ата ауылындағы ауыз су мәселесі, су мұнарасын жаңартуға не күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға, тұрғын үйге ауыз су кіргізу жұмыстары, Шолаққорған ауыл тұрғындарына ұзақ уақытқа (сағатын ұзарту) ауыз су беру мәселесі бойынша ұсыныстар мен сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссия мүшелігіне «Құмкент» бастауыш партия ұйымының төрағасы Кузенбаев Айбар Сабарбекұлын комиссия мүшелерінің бірауыздан келісуімен комиссия құрамына енгізілді.
Жиын соңында күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстар мен ескертпелер негізінде қаулы қабылданды.