ҰЙЫМНЫҢ АЛДАҒЫ МАҚСАТТАРЫ КЕҢІНЕН СӨЗ БОЛДЫ

“AMANAT” партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Жақсыбекұлы филиал жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатымен кездесті. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Сауран аудандық филиалы хабарлады.

Кездесуде ұйымның бүгінге дейінгі атқарған жұмыстары сараланып, алдағы мақсаттар кеңінен сөз болды.

Кездесу барысында жастар қоғамдағы белсенділікті арттыру, еріктілік қозғалысын дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстармен бөлісті. Сондай-ақ, жергілікті жастардың ұсыныстары мен бастамалары талқыланып, болашақ жоспарлар нақты айқындалды.

Аудандық төраға жастарға жаңа бастамаларға қолдау білдіретінін айтып, белсенділік танытып жүрген еріктілерге алғыс білдірді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды