Қазығұрт ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту – «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта Түркістан облыстық филиалдың партиялық бақылау жөніндегі инспекторы А.Еркинбеков, Қазығұрт аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Абуов және аудандық мәслихат депутаттары М.Мауленов пен Ж.Архабаевпен бірге құрылыс нысандарын аралады. Бұл туралы «АМАNAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалы хабарлады.
Сапар барысында «Болашақ» мөлтекауданындағы 8 пәтерлі тұрғын үйдің және Ақбастау елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс алаңдарына барды. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұл екі жоба да аудан халқының тұрмыс сапасын жақсартуға және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелерін шешуге тікелей ықпал етеді. Партия атынан құрылыс жұмыстарының сапасына және уақытылы аяқталуына ерекше мән берілетінін мәлімдейміз.
Сондай-ақ комиссия мүшелері Шарбұлақ ауылында салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысының барысымен таныстық.
Жалпы құны 2 045,156 млн теңгені құрайтын бұл маңызды нысанда қазіргі таңда «Ar Kua Group» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
«AMANAT» партиясы бұл жобаның орындалуын жіті бақылауда ұстайды. Комиссия мүшелері құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқтау керектігін қатаң тапсырды. Балаларымыздың жарқын болашағы үшін заманауи білім ордасының уақытылы ашылуы өте маңызды. Біз халыққа берген уәдемізді орындауды қамтамасыз етеміз! «AMANAT» – халық мүддесі жолында!